Беттік тері зақымдануларын емдеуге арналған

Неліктен РЕКРЕОЛ®

Декспантенол терінің серпімділігін қалпына келтіріп, жараның жазылуына ықпал етеді
Жылдам сіңеді
Терінің сыртқы қабатын ылғалдандыруға көмектеседі
Балаларға қауіпсіз
Жас ерекшелігіне шектеусіз балаларға қолдануға болады
Хош иіссіз және түссіз
Қосымша хош иістендіргіштер мен жасанды бояғыштарсыз жұмсақ формула

Айырмашылығы неде?

Крем
Жақпа май
Құрамы
Жеңіл құрылым
Қолданылуы
Терінің үлкен аймақтарына жағылады
Сіңуі
Тері кремді тезірек сіңіреді, әсер ету уақыты қысқа
Қорғаныс қабаты
Ылғалданған тері мен сыртқы орта арасындағы қорғаныс қабаты бола алады
Көбірек ұсынылады
Тері майлылығын азайтады, майлы теріге ұсынылады
Құрамы
Майлы құрылым
Қолданылуы
Терінің шағын аймақтарына қолданылады
Сіңуі
Тері жақпа майды ұзағырақ сіңіреді (баяу сіңіп, теріге ұзақ әсер етеді)
Қорғаныс қабаты
Терідегі ылғалды сақтау үшін қорғаныс қабаты ретінде қызмет етеді
Көбірек ұсынылады
Құрғақ теріге ұсынылады, терінің ылғалдылығын сақтап, тезірек жазылуына ықпал етеді

Беттік тері зақымданулары

Сызаттар

Күнделікті өмірде теріміз қарбалас тіршілік ырғағы мен күтпеген жағдайлардың әсерінен жиі зақымданады. Осындай сәттерде терінің зақымдануы, сызаттар мен ұсақ тыртықтардың пайда болу ықтималдығы жоғары. Тіпті елеусіз көрінетін кішкентай сызаттың өзі жағымсыз ауыру сезімін тудырып, тезірек құтылғыңыз келетін қатты жайсыздыққа әкелуі мүмкін.

Сызаттардың көпшілігі – үй жағдайында емдеуге болатын ұсақ тері зақымданулары. Терінің тез қалпына келуі үшін арнайы күтім қажет.

1 / 8
Ұсақ күйіктер

Мысалдар: қайнаған сумен күйіп қалу, ыстық затқа немесе жалынға жанасу.

Күйіктер әдетте жағымсыз сезім тудырады және басқа жарақаттарға қарағанда ұзақ уақыт бойы жазылады. Көпшілігіміз өмірімізде кем дегенде бір рет күнге күюден немесе басқа да күйік түрлерінен зардап шеккенбіз. Олардың алғашқы белгілері – қызару, тітіркену немесе қышыну, сондай-ақ аздап ісіну, ал ауыр жағдайларда – жараның пайда болуы. Күйіктің салдары өте ауыр болуы мүмкін. Сондықтан кең көлемді, терең немесе ауыр күйіктер әрдайым медициналық көмекті қажет етеді, әсіресе зардап шеккен адам бала немесе егде жастағы кісі болса.

1 / 8
Жарықтар

Мысалдар: аяқтағы жарықтар, әсіресе өкше аймағында, емізу кезінде емшек ұшындағы жарықтар.

Судың жеткіліксіз мөлшерде тұтынылуы, температураның күрт өзгеруі, терінің үйкелуі және химиялық заттармен жанасуы терінің табиғи ылғал балансын бұзып, жарықтардың пайда болуына әкелуі мүмкін. Терінің жарықтары мен құрғауы көбіне аяқта (әсіресе өкше аймағында), қолдар мен шынтақта пайда болады, өйткені бұл аймақтар қозғалысқа көп түседі және әртүрлі беттермен жиі жанасады. Сондай-ақ, емізу кезінде емшек ұшында жарықтар пайда болуы мүмкін.

Күнделікті дұрыс күтім тері жарықтарының алдын алуға және зақымданған терінің тезірек қалпына келуіне көмектеседі.

1 / 8
Жөргек аймағындағы тітіркену және қызарған тері

Мысалдар: жөргекті жиі ауыстырмау, өте тар жөргектерді пайдалану

Жөргек тиюінен болатын қызару – жөргекпен жанасатын аймақтарда дамитын тері тітіркенуі. Әдетте, мұндай тітіркену нәрестелер мен кішкентай балаларда жиі кездеседі, бірақ күнделікті өмірде жөргек немесе арнайы төсемдерді пайдаланатын кез келген адамда пайда болуы мүмкін.

Терідегі бөртпелер оны инфекция мен қосымша тітіркенуге бейім етеді, сондықтан зақымдалған тері аймақтарына дұрыс күтім жасау және тиімді емдеу өте маңызды. Жөргек аймағындағы терінің тітіркенуі мен қабынуы нәрестелік шақтағы ең жиі кездесетін мәселелердің бірі.

Бұл жағдайдың себептерінің бірі – нәресте терісінің ерекшеліктері мен оған күтім жасау әдістері. Жөргек аймағындағы тері көптеген қатпарлар мен жырашықтарға ие. Нәрестенің терісі жұқа және сыртқы тітіркендіргіштерге сезімтал. Ол жиі несеп пен нәжіспен жанасып, нәтижесінде ылғалды ортада болады.

1 / 8
Қатпарлардағы терінің жарылуы

Мысалдар: суық ауа райында құрғақ тері, температураның өзгеруі, құрғақ ауа, теріні жиі жуу

Дені сау және нәрленген тері серпімді болып, қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен және тітіркенуден қорғайды. Алайда жел, температураның өзгеруі, құрғақ ауа, химиялық заттар, сондай-ақ теріні шамадан тыс жиі жуу оның жағдайына кері әсер етуі мүмкін. Нәтижесінде тері құрғап, қызарып, қатайып, жарыла бастауы мүмкін, бұл күнделікті өмірге қолайсыздық тудырады.

  • Химиялық заттарды қолданғанда абай болыңыз, мысалы, ыдыс жуатын жуғыш заттар және т.б.
  • Теріге күтім жасағанда сабын мен душқа арналған гельді шектен тыс қолданбаңыз.
  • Температураның өзгерісінен сақтаңыз: суықта қолғап киіңіз, ал күн ыстықта теріні тікелей күн сәулесінен қорғаңыз.
  • Құрғауға бейім жерлерді (шынтақ, тізе, өкше) арнайы ылғалдандырғыштармен қорғаңыз.
1 / 8
Ұсақ жаралар

Мысалдар: сызаттар, кесілген жерлер

Күнделікті өмірде болмашы жарақаттар көңіл күйімізге кері әсер етіп, алаңдаушылық тудыруы мүмкін. Сызаттар, жаралар, жәндіктер шағуы көбінесе кішкентай болғанымен, олар қатты ыңғайсыздық тудырады. Егер жарақат ауыр болса, дәрігерге жүгінген жөн, ал ұсақ және орташа зақымдануларды үй жағдайында емдеуге болады.

Сызаттар мен кесілген жерлерде теріні қалай қалпына келтіруге болады?

Жараны таза қолмен және жылы сумен жуып, кірден тазарту керек. Дәкемен немесе стерильді шүберекпен кептіру қажет.

Зақымдалған жерге жұқа қабат етіп емдік құралды жағу керек. Бұл жасушалардың бөлінуін жеделдетіп, жаңа тері қабатының қалыптасуына көмектеседі.

Жарақаттанған жерді тыныс алатын таңғышпен жауып, сыртқы орта әсерінен және ұсақ жарақаттардан қорғау қажет.

Толық жазылғанға дейін жараға күтім жасауды жалғастыру керек.

1 / 8
Косметикалық процедуралардан кейінгі күтім

Мысалдар: депиляциядан кейін, татуировкадан кейін, тұрақты макияждан кейін

Косметикалық процедуралар мен татуировкалар – бұл тек өнер туындысы немесе өзін-өзі танудың бір түрі ғана емес. Бұл процестер терінің беткі қабатына әсер етіп, оны зақымдап, қорғансыз және әлсіз етеді. Теріңіз құрғап, қышып, тітіркенуге сезімтал болуы мүмкін.

Теріні күту бұл әсерлердің алдын алуға және оның қалпына келуін қамтамасыз етуге көмектеседі.

Косметикалық процедуралар, депиляция немесе татуаждан кейін зақымдалған теріні қалай қалпына келтіруге болады?

Қолды жылы су мен сабынмен жуыңыз.

Сезімтал тері аймақтарын хош иісі жоқ сабын және сумен абайлап тазалаңыз.

Тітіркенуді азайтып, теріні қалпына келтіру үшін зақымдалған жерге арнайы күтім құралын жағыңыз.

Косметикалық процедуралардан немесе түк жұлудан кейін 12-24 сағат бойы косметика немесе парабендері бар өнімдерді қолданбаған жөн.

Жазылу процесін жеделдету үшін ыңғайлы, тыныс алатын киім кию ұсынылады.

1 / 8
Күнге күю

Бұл кез келген адамның басынан өтетін жағдай. Күнге күю терінің қызаруына, қышуына және қызуына әкеледі. Егер күйік ауыр болса, ісіну мен жаралардың пайда болуы мүмкін. Ауыр күйіктер көпіршіктердің түзілуіне және ісінуге әкеледі. Күнге күю тек уақытша жайсыздық тудырып қана қоймай, сонымен қатар терінің құрғауына, пигменттік дақтардың пайда болуына және ең бастысы, тері қатерлі ісігінің даму қаупіне себеп болуы мүмкін.

Күнге күюдің алдын алу жолдары:

Сыртқа шығар алдында теріңізге күннен қорғайтын крем жағыңыз.

Егер суға түсуді жоспарласаңыз, кремнің суға төзімді екеніне көз жеткізіңіз.

Күн астында ұзақ уақыт жүргенде, әсіресе суға түскеннен кейін, күннен қорғайтын кремді қайта жағуды ұмытпаңыз.

Дене қызып кетпес үшін бас киім және күннен қорғайтын киім киіңіз.

Сусызданудың алдын алу үшін, әсіресе ауа райы ыстық кезде, күні бойы жеткілікті мөлшерде су ішіңіз.

1 / 8
1 / 8

Қайдан сатып алуға болады?

Рекреол® өнімін төменде көрсетілген электронды дәріханалардың кез келгенінен тапсырыс беруге болады.

ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ БАР, МАМАННЫҢ КЕҢЕСІН АЛУ ҚАЖЕТ.